Е бек нары ы ж не оны теориялы м ні

Реферат

МАЗМҰНЫ

Кіріспе……………………………………………………………………….. 3
1. еңбек нарығы және оның теориялық мәні
1.1 Еңбек нарығы туралы түсінік және оның қызметі……………. 4
1.2. Жұмыссыздық және оның түрлері. Филипстің графигі…….. 6
1.3. Жұмыс күшіне сұраныс және ұсыныс заңдары………………. 10

2 Қазақстандағы жұмыспен қамту бағдарламалары және нәтижелері

Қорытынды………………………………………………………………………………

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-өміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек — бұл тиімді экономиканың негізі.

Еңбек нарығына барынша қабілетті және іскер жұмыскерлерді қатал, аяусыз түрде іріктеу тән. Ол жалқауларды, әлсіздерді және еңбек етуге қабілетсіздерді аямайды. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды қамтамасыз етеді, оның жоғары жылжымалы-лығына, қозғалысына, ширақтығына себепші болады, іскерлік пен белсенділікке ынталандырады. Нарықта жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным заңы әрекет етеді, ол еңбекке төленетін ақының шамасын белгілейді. Бұл жерде жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі. Өзінің жұмыс күшін, яғни еңбек ету қабілетін ұсынушы жұмыскерлер сатушылар болып табылады. Еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлер жұмыс күшінің сатып алушылары болады. Бір сөзбен айтқанда, еңбек нарығын мойындау жұмыс күшінін әлеуметтік экономикалық табиғаттың және оның өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылу тәсілін түбегейлі өзгертеді. Қазірде, біздің қоғамымызда жұмыс күшінің тауар табиғаты жөніндегі ғылыми дау негізінен аяқталды деуге болады. Еңбек нарығының әрекет ету жағдайында жұмыс күші тауарға айналады, ал оны өндіріс құрал-жабдықтарымен қосу нарықтық тәсілмен — сату-сатып алу арқылы жүзеге асады.

1. қазіргізамандағыЕҢБЕКНАРЫҒЫ

1.1. Еңбекнарығытуралытүсінікжәнеоныңқызметтері.

Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-өміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек — бұл тиімді экономиканың негізі.

Еңбек нарығы бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, бұлардың тепе-теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері – еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныстың механизмі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады.

Еңбек нарығы өндірістің тиімділігін өсіруге, ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге осы негізде еңбекшілердің тұрмыс дәрежесін елеулі көтеруге көмектеседі. Еңбек нарығы жұмыс орны мен кәсіпті таңдауға, өмір салтын қалыптастыруға, адамның экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге жол ашады. Еңбек нарығы асқан жауапкершілікті, жинақылықты қажет етеді. Мемлекет әр адамға нақтылы жұмыс орнын дайындау міндетінен арылады, сонымен әр адам өзіне лайықты еңбек орнын таңдап алуға ерікті. Мемлекеттің міндеті еңбекшілерге тиімді еңбек етуіне қолайлы жағдай жасаумен бірге уақытша жұмыссыз қалғандарға әлеуметтік жәрдем жасау, оларды барынша қолдау және қорғау.

Қазақстан Республикасында 1992 жылға дейін еңбек нарығы болған жоқ. Нарықтық экономикаға көшу осындый нарықтың болуын қарастырады. Еңбек нарығы-бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату-сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі.

Қазақстан Республикасындағы қалыптасып отырған еңбек нарығы нақты еңбек нарығынан өзгешелеу. Мұнда әзірше жұмыс күшін еркін сату жүзеге аспай тұр және оның болуы әкімшілік құқықтық және экономикалық факторлармен шектелуде: әлі де болса паспорттық құжаттық режим сақталуда, жұмыс күшінің еркін аумақтық құйылуын тоқтататын нақты тұрған жай нарығы болмай тұр. Мысалы, көмір және тау-кен өндіру, мұнай өңдеу аудандарында ерлер еңбегі басымдау. Себебі мұнда әйелдер еңбегін қолданатын кәсіпорында нашар дамыған, осыдан байқалатын елдегі жұмыссыздардың үштен екісін әйелдер құрайды.

Еңбек нарығының қызметтері қоғам өміріндегі еңбектің рөлімен белгіленеді, еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайжың өте маңызды көзі. Экономикалық бағыттан еңбек дегеніміз өте маңызды өндірістік ресурс болып табылады. Осыған сәйкес еңбек нарығы басты екі қызмет атқарады. Әлеуметтік функцияға адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс халының әдеттегідей дәрежесінің қамтамасыз етілуі және жұмыскерлердің өндірістік қабілетінің тиісті дәрежеді ұдайы өндіруінің қамтамасыз етілуі жатады. Еңбек нарығының экономикалық функциясына еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану жатады. Еңбек нарығы бірсыпыра ынталандыру функцияларын атқарады, олар бәсекелестік қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуіне, квалификацияның жоғарлауына, мамандықты ауыстыруға т.б. мүмкіндік тудырады.

Еңбек нарығы-бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық. Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс тапқандар және т.б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінің нарықтық динамикасын сипаттайды. Нарық қатынастары дамыған көп елдерде еңбек нарығы әр түрлі топтағы адамдарды, әсіресе жастарды жұмымспен қамтудың жеке шараларын жүзеге асырады. Ол үшін арнайы бағдарламалар қабылданып іске асырылады. Осы мақсатта кәсіпкерлердің қатысуымен жастар үшін жалақы шығындары бөлінеді, және оларды кәсіптік мамандыққа дайындайтын шығындарды мемлекет толық өз мойнына алады.

Барлық экономика үшін біртұтас еңбек нарығы болмайды. Нақты өмірде, біз көптеген, жеткілікті дәрежеде оқшауланған сегменттермен кездесеміз. Еңбек нарығы мамандықтар, салалар және территориялао бойынша бөлінеді. Бір сегменттен басқа сегментке өту үлкен шығынмен байланысты. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік жағдайы көбінесе мемлекеттің арласуымен анықталады. Жұмыссыздыққа байланысты берілетін жәрдем ақша еңбекті ұсыну жағдайына әсер етеді. Жалақының ең төменгі мөлшері нарықтың сұраным мен ұсыным қозғалысына автоматты түрде бейімделу әрекетіне шек қояды.

Еңбектің тікелей әсер етуінің арқасында жоғарғы біліктілікті еңбектің дәрежесі көтеріледі, әрбір жұмыс орнының бағасы өседі, жұмыскерге және оның еңбегіне талап күшейеді. Еңбек нарығында өте қабілетті және іскер жұмыскерлерге қатаң әрі қатал таңдау жүргізіледі. Нарық еңбекке қабілетсіздерді, жалқау әлсіздерді ешқашан аямайды. Ол еңбектің жоғары шапшандығын қамтамасыз етіп, іскерлік пен бастамшылдықты ынталандырады.

Еңбек нарығы — бұл жұмыс күшін (адамның еңбек ету қабілеті) тауар түрінде сату-сатып алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығы жоғары квалификациялы еңбектің беделінің сөзсіз көтерілуіне әсер етеді, осынын арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады, жұмыскерлерге және олардың еңбегінін сапасына деген талап күшейеді.

Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осыны құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға психофизиологиялық, әлеуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың басқа барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы-еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбектің бағасы-ресурс бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол тіршілік дәрежесінің, әлеуметтік мәртебенің, жұмыскердің және оның отбасының аман-есендігінің бағасы, құны болып табылады.

Бәсекелік еңбек нарығының классикалық үлгісінің негізін мынадай принциптер құрайды:фирмалардың ынталарын бейнелейтін және еңбекке сұраныс жасайтын жұмыс берушілердің көп болуы; жұмысшы күшіне иелік ететін және оның ұсынысын жасайтын жұмыскерлердің көп болуы. Еңбек нарығындағы субъектердің тәртібі рационалды болады, олардың мүдделеріне жетуді және пайда табуды көздегендігімен белгіленеді. Олар үшін еңбек нарығында еркін әрекет жасауына елеулі кедергілер болмайды. Жұмыс берушілер ұсынатын жұмыс орындары және жұмыскерлер ұсынатын жұмысшы күші біркелкі болады. Жұмыспен қамтудың саны мен көлемі жұмыскерлер санымен өлшенеді.

Икемді нарық механизмі баға арқылы жүзеге асырылатын еңбек нарығы, жетілген бәсекелік нарығы болып сипатталады. Осындай нарықта жекелеген жұмыс берушілер, жекелеген жұмыскерлер жалпы нарықтық ситуацияға әсер ете алмайды: жалақының тепе-теңдік ставкалары жекелеген фирмалардың немесе жұмыскерлер топтарының әрекеттеріне тәуелді болмайды, олар жалпы конъюнктурамен, яғни нарықтық процестің барлық мүшелерінің жалпы өзара әсерлерімен белгіленеді.

1.2. Жұмыссыздықжәнеоныңтүрлері.Филипсқисығы

Жұмыссыздық — бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыру, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми техникалық прогрестің салдары болуы мүмкін.

Шетелдік мамандар жұмыссыздықтын, себептерін талдай отырып, оның әртүрлі нысандарын тудыратын нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай саналуан нысандары болады: жасырын, фрикциондық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық, циклдық және т.б. Осыларга толық тоқталайық.

1. Жасырын жұмыссыздық — өндіріс пен мемлекеттік аппаратта артық жұмыскерлерді қолданған жағдайда орын алады. Шын мәнінде, олардың жұмысына аз ғана жұмыс күшімен орындауға бо­лады.

2. Фрикциондық жұмыссыздық — еңбек нарығында бос жұмыс күші туралы ақпарат жоқтығының нәтижесінде болады.

3. Маусымдық жұмыссыздық ауыл шаруашылығының кейбір салаларында, әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде жұмыс күші тек маусымдық кезеңдерде қолданылғанда болады.

4. Құрылымдық жұмыссыздык өндіріс қуатының жетіспеуінің нәтижесінде, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының, маман- дығының және басқа жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байла­нысты жұмыс таба алмаған жағдайда болуы мүмкін.

5. Технологиялық немесе өтпелі жұмыссыздық адамдарды машина-өзгертуді немесе баска мамандықты игеруді қажет етеді.

6. Циклдық жұмыссыздық — өндірістің құлдырауыеае туындайды, яғни экономикалық циклдың осы фазасымен байланысты.

Өнеркәсібі дамыған елдердегі жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, шетел авторлары олардың жекелеген түрлерін тудыратын нақты факторларын қарастырады. АҚШ Конгресінің, экономикалық статистика комиссиясының жүргізген зерттеуінің мәліметі бойынша қазір шет елдерде жұмыссыздықтын 70-ке жуық нысандары және олардың болуының ерекше себептері бар екен. Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықтың нысандарын екі үлкен негізгі топқа бөледі. Біріншісіне -жиынтық сұранымнын жетіспеуіне байланысты болатын, соның ішіндс ен алдымен циклдік жұмыссыздықты жатқызады. Екіншісіне — жиынтық сұранымның өзгеруіне байланыссыз бола­тын — жумыссыздыкты (фрикциондық, құрылымдық, технологиялык және басқа нысандары) жатқызады.

Біздің елдегі жұмыссыздықтың негізгі нысандары жасырын және фрикциондық болып табылады. Нарық қатынастарының қалыптасу барысында жасырын жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала бастады. 1992 жылы жасырын жұмыссыздықтың ауқымы қеңи түсті. Осы аталған жылдың желтоқсан айынын езінде-ақ 138 мыңға таяу адамы бар 160 кәсіпорындар жұмыссыз тоқтап турды. Осындан кәсіпорындардан 2 мыңнан астам жұмыскер еңбсктен босатылды, 25 мың адам еріксіз демалысқа жіберілді.

Жұмыссыздықтың зардабын бәсендететін факторлардың бірі ғылыми-техникалық прогресс ҒТП, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін жаңа өндіріс түрлері мен шаруашылық салаларын тудырады, ол материалдық өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтуды көбейтеді Жалпы, ғылыми-техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру, негізінен, өндірістік емес салалардын дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның ұлгаюы, тұрғындардың артүрлі қызмет түрлеріне деген шығынының тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішше қарағандағы жоғары еңбек ауқымдылығымен сипатталады. Мысалы, 80-шы жылдары жұмыс­пен қамтуды көбейтуде өндірістік емес саланың үлесі АҚШ пен Жапонияда 80-90%, ал Батыс Европада 100% құрады.

Қандайда жұмыссыздық болмасын қоғамдағы аса ауыр экономи-калық және әлеуметтік қайшылық. Батыс елдерінде жұмыссыз бо­лу — тек қана жұмысты жоғалту ғана емес, сонымен бірге адам өзінің арнамысын, абырой-беделін жоғалту деп те есептеледі.

Шетелдердегі бағалау бойынша, жұмысты жоғалту, өзінің қасірет — жағынан жақын туыс адамның өлімі немесе түрмеге түсуден ғана кейін тұрады екен. Кәсіпорынның жұмысының түпкі нәтижесінен тәуелсіз, жаппай жұмыспен қамту жұмыскерлердің өндіріс тиімділігін арттыруға деген жеке мүдделіліктеріне кері әсер етті, олардың өндірісті басқарудан шеттелуіне әкеліп соқтырды. Осының бәрі енбек тәртібінің шұғыл құлдырауына үлкен экономикалық шығындарға жол берді. Бұдан тиімді түрдегі жұмыспен қамту жолы еңбек нарығында жатканы айқын бола түседі.

Кез – келген жұмыссыздың деңгейімен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау үшін, әлемдік практикада Оукен заңы қолданылады. Бұл заң американ экономисі Артур Оукеннің (1724-1780 жж.) есімімен аталған. Осы заң математикалық тұрғыдан жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлыттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді. Егер жұмыссыздықтың сандық деңгейі табиғи деңгейден 1%-ға артса, онда ЖҰӨ көлемінің төмендеуі 2,5% құрайды. Осы 2,5 санымыз – Оукен коэффиценті болып табылады. Мына 1:2,5 қатынасы, бұл жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне қатынасы болып табылады және жұмыссыздықпен байланысты өнімнің абсолюттік зиянын анықтауға көмектеседі.

Егер де жұмыс күші тауар болса, онда оның құны туралы сұрақ туады. Ол қалай анықталады және қазіргі кездегі оның шамасы қандай? Жұмыс күшінің құны, оны қайта өндіруге қажетті өмір сүру құралдарының құнымен анықталады. Әзірше, дүние жүзінін көптеген елдеріне қарағанда біздің елімізде адамның еңбегі, оның жұмыс күші төмен бағаланады. Мысалы, Швейцарияда бір сағаттық еңбек — 30, Германияда — 28, Австрияда — 22, Францияда -15 доллар тұрады. Біздің есебіміз бойынша бұл көрсеткіш, қазіргі таңда Қазақстанда, орта шамамен 0,10 доллар (әрине бұл арада инфляцияның деңгейін ескеру қажет) құрады. Инфляция жұмыспен камтуға айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан 1958 жылы ағылшын экономисі А.Филлипс оның ықпалын көрсететін «сұраныс инфляциясы» деген үлгісін ұсынды:

 жұмыссыздықжәнеоныңтүрлері филипсқисығы 1

Cурет-1.Филипстің қисығы

Ол 1861-1956 жылдардағы Ұлыбритания санақ деректерін пайдалана отырып, ал жалақы ставкасы өзгеруі мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуелділіктің кері әсерін қисық сызық арқылы көрсетті. Сөйтіп, Англиядағы жұмыссыздықтың 2,5-3% артык көбейтуі баға мен жалакының өсуін күрт баяулататынын дәлелдеді.

А.Филлипс есебінің теориялық негізін экономист Р.Лепси жасды. Р.Самуэльсон және Р.Солоу, Филлипстің кисық сызығына өзгерістер енгізін, жалақы ставкасын тауар бағаларының өсу қарқынымен ауыстырды. Үкімет Филлипстің қисық сызығын, сол күйінде экономикалық саясатты жасаудың құралы ретінде қолданды. Әсіресе ол толық жұмыспен қамту және өндіріс бағасының тұрақтылығын анықтайтын жағдайда пайдаланылды.

Абцисса өсінде жұмыссыздық деңгейі, ординат өсінде тауар бағаларының өсу қарқыны бейнеленді. Қисық сызық өсі параметрлердің көрінісі. И1 төтенше жоғары деп есептесе, онда оны төмендету үшін бюджеттік және ақша-несие шаралары қолданылады, олар өз кезегінде сұранысты күшейтеді. Бұл өндірістің ұлғаюына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкеледі. Жұмыссыздық нормасы И2 мөлшерінің деңгейіне дейін жоғарылайды. Мұндай жағдайлар экономиканың «қызып» кетуіне дағдарысқа ұшырауына әкелуі мүмкін, сондықтан үкімет несие беруді тежеу, мемлекеттік бюджеттің шығыстарын кеміту және т.б шаралар жүргізеді. Нәтижесіңде бағаның өсу қарқыны Р3 деңгейіне төмендеп, ал жұмыссыздық өсіп, оның нормасы И3 болады.

Экономикалық реттеу тәжірибесі көрсеткендей, Филлинстің қисық сызығы қысқа мерзімді экономикалық жағдайларда колдануға келеді. Өйткені, ұзак мерзімді жоспарда жұмыссыздықтың жоғары болуына карамастан инфляция үдей береді, мұның бірталай себептері бар.

Бұлардың ішіңдегі жиынтық сұранысты ынталандыру мәселесін бөліп көрсету керек. Үкімет инфляция арқылы жұмыссыздыктың төмен деңгейін тұрақтандыру үшін еңбекшілерді «жалған күту» дегенге сендіре алса діттеген мақсатына жетеді. Мысалы, жалдамалы жұмысшылар номиналды жалақы ставкасының өсуін байқап, еңбек ұсынысын көбейтеді. Мұнда Филлипстің концепциясы бойынша инфляциясының өсуі, жұмыссыздықты азайтуы мүмкін Бірақ бір кезде халық номиналды жалақының жоғары ставкасының осущін байкап, еңбек ұсынысының шын бағасын біледі Өиткені инфляция тұсында нақты жалақының жоғарылауы оның номиналды дәрежесінің өсуімен бірдей емес, оған сәйкес келмейді. Егер адамдар алған ақшаларына қызмет пен тауар сатып алуды біріе-бірте азайтса үміттің үзілгені онда ешкімде жалақынын өсуіне карамастан еңбегін ұсынбайды. Мұндай өзара тәуелділікке 60-шы жылдары американ экономисі М.Фридмен ерекше назар аударды. Ол жұмыссыздықпен күресуде жиынтық сұранысты инфляциялық шаралармен толтыру тиімсіз деп көрсетті. Сонымен, халық өзінің жалған күтуін сезіп номиналды ставканы жоғарылату, жалақыны сатып алу кабілетін жоғарылатумен сәйкес еместігін түсінгенде ғана, инфляцияның өсуі еңбекті ұсынудың өсуімен жүрмей оның азаюы, яғни жұмыссыздықтың өсуінен жүреді.

1.3. Жұмыскүшінесұранысжәнеұсынысзаңдары

Еңбек нарығы да басқа нарықтар сияқты сұранымның, ұсынымның және тепе-теңдік жағдайымен сипатталады. Психологиялық тұрғыдан алғанда еңбекке сұраным қисық сызығы жалдаушының тілегін, ал еңбекті ұсыным қисығы қызметкердің (жұмысшының) ділегін көрсетеді. Жекелеген еңбек нарығы, әдетте, бізге бұрыннан белгілі графикпен бейнеленеді.

 жұмыскүшінесұранысжәнеұсынысзаңдары 1

Сурет 2. Жекеленген еңбек нарығы.

2-ші суретте енбекке сұраным мен ұсыным және жалақының тепе-теңдік деңгейінің графигі көрсетілген. Сұраным мен ұсыным шарттарының ауытқуы SS және ДД қисық сызықтарының жылжуына және жалақының тепе-теңдік мөлшерінің өзгеруіне әкеліп соқтырады. W/P*.

Еңбекті ұсыным жалақы динамикасына кері пропорционалды тәуелділікпен әсер етеді. Басқаша айтқанда, егep жұмыс күшін ұсыну басқа өндіріс факторларын ұсынумен салыстырғанда шектеулі болатын болса, онда жалақының өсуі орын алады. Еңбекті ұсыну мынадай факторлармен анықталады:

  • халықтың мөлшерімен;

2. тұрғындардың жалпы санындағы еңбек етуге қабылеті бар. халықтың үлесімен;

3. жұмысшының бір жыл ішінде атқарған жұмыс сағатының орташа санымен;

  • жұмсалатын еңбектің саны және сапасымен, жұмысшының мамандық деңгейімен / квалификациясымен /.

Жалақының тепе-тендік деңгейін орнықтырудың автоматты тенденциясы болады деген жорамал бар. Тепе-тендікке жету механизмі болып, жұмыссыздық көлемінің өзгеруінің ықпалымен және тауарлардың нарыққа әсер етуімен болатын жалақының ақшалай мөлшерінін ауытқуы қызмет етеді: ақшалай жалақы өскен жағдай да бағаның жалпы деңгейі өседі, төмендеген жағдайда азаяды.

Еңбек нарығын біз жеткілікті дәрежеде ашып көрсете алдық па? Жоқ. Себебі, біріншіден, біздің моделімізде жұмыссыздық жоқ, екіншіден, әртүрлі мамандық иелерінің жалақы айырмашылығы көрсетілмеген.

Барлық экономика үшін біртұтас еңбек нарығы болмайды. Нақты өмірде, біз көптеген жеткілікті дәрежеде оқшауланған сегменттермен кездесеміз. Еңбек нарығы мамандықтар, салалар және территориялар бойынша бөлінді. Бір сегменттен басқа сегментке өту үлкен шығынмен байланысты. Еңбек нарығындағы тепе-тендік жағдайы көбінесе мемлекеттін араласуымен айықталады. Жұмыссыздыққа байланысты берілетін жәрдем ақша еңбекті ұсыну жағдайына әсер етеді. Жалақының ең төменгі мөлшері нарықтың сұраным мен ұсыным қозғалысына автоматты түрде бейімделу әрекетіне шек қояды.

Жұмысшы күшіне сұраныс, жиынтық сұраныспен есептесе отырып, тауарлар мен қызметтер өндіру үшін, тиісті квалификациясы бар жұмыскерлердің белгілі санымен, жұмыс берушілердің жалдауға қажеттіктерімен белгіленеді. Жұмысшы күшінің ұсынысы еңбекке қабілетті жастағы адамдардың қабілеттерін әдеттегіндей ұдайы өндіру керек қажеттіктерімен және жиынтық экономикалық ұсыныспен есептесе отырып, жақсы хал-жағдайды қолдап тұруға жеткілікті қажеттіктермен белгіленеді.

Сұраныс та, ұсыныс та әр түрлі факторлардың әсерімен қалыптасқан баға дәрежесімен, шығындармен, жалақымен, еңбек өнімділігімен, адамдардың санымен, жұмыскерлердің квалификациялық – мамандық құрылымымен, несие – қаржы, салық, заң жүйесімен, кәсіподақтардың, мәдени, діни және басқа ұйымдардың қызметтерімен қалыптасады.

Еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныс заңдары әрекет етіп, жұмыс күшіе сатып алу және сату жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайларында жүреді. Еңбек нарығында сұраныс пен ұсынысты теңдесиіретін ерекше “ баға тепе – теңдігі” орнпйды. Мемлекет пен кәсіподақтың еңбек нарығына әсері ерекше.

Жұмыссыздык проблемаларын шешуде еңбек биржалары (тұрғындарды жұмыспен қамту қызметі) айтарлықтай орын алады. Нарық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру мақсатында адамгершілік институттары ретінде пайда болды. Уақыт өте келе және еңбек қатынастарының дамуына сәйкес, оның мақсатымен және атқаратын қызметтсрі өзгерді. Еңбек биржасы — бұл еңбекті жалдау барысында жұмыскерлер мен кәсіпкерлердің арасында делдалдық келісім жасалатын, тұрақты жұмыс істейтін мекеме. Бұрынғы КСРО — да ең соңғы еңбек биржасы 1932 жылы жабылған болатын. Казіргі нақты жағдай — еңбек нарығының барлық элементтерін қайта жаңғыртудың кажеттігін көрсетіп отыр. 1991 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда барлық жерде тұрғындарды еңбекпен қамту қызметі жұмыс істей бастады.

Еқбек биржаларының негізгі атқаратын қызметтері мыналар енбек нарығындағы сұраным мен ұсынымды анықтау, жұмыссыздарды есепке алу жәнс бос жұмыс орындарын тіркеу, жұмысын ауыстыруға және жұмысқа тұруға тілек білдіретін адамдарға ақпараттар беру, жұмыс іздеп жүрген кадрларды оқыту мен қайта дайындауды ұйымдастыру, жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу; аламдарды жұмысқа орналастыру үшін делдалдық қызмет көрсету және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы тағайындау. Мемлекет кәсіпорындар мен ұйымдардың мүдделерін есепке ала отырып, биржалар арқылы еңбек нарығына әсер етеді. Енбек биржасы беретін жұмысқа жолдама кәсіпкерлер үшін міндстті балмайды, ол тек қана ұсынымдылық сипатта болады, себебі олардың жұмыскерлерді еркін түрде таңдауға хұқы бар және оны өздерінің кадр бөлімі арқылы жүзеге асыруға тырысады.

Казіргі еңбек биржасында, жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным туралы мағлұматтар банкісі болуы қажет. Осы бағытта өнеркәсібі дамыған Батыс елдерінін тәжірибесін қолдануға болады. АҚШ-та, мысалы, аймақты және жергілікті деңгейде жұмыс күшінің электронды банктері құрылған. Онда жұмысқа орналасқан кезде жоғары сапалы консультациялық көмек көрсетілсді. Нәтижссінде барлық мамандық топтарындағы жұмыссыздардың 40 проценті бір айдың ішінде жұмысқа орналасады. Сондай-ақ, жұмыссыздарды қаржыландырудың жаңа бағдарламасы ендірілген. Әсіресе, Вашин­гтон штатында федералдық үкімет тиісті білім, жұмыс тәжірибесі бар және өз ісінің маманы болғысы келген 400 жұмыссыз адамға белгілі бір уақытқа дейін мүмкіндік беріп, алдынала жәрдемақы төлейді. Бұның өзі, олардың жұмыс жобасының экономикалық дәлелі бар, әдейі курстарды өткен, сондай-ақ жаңа істі консультант көмегімен бастаған жұмыссыздарға беріледі

Жаңа ұғымдар

еңбек нарығы жасырын жұмыссыздық
жұмыспем қамту саясаты фрикциондық жұмыссыздық
еңбек ресурстары маусымдық жұмыссыздық
еңбекті ауыстыру заңы құрылымдық жұмыссыздык
еңбекпен толық қамту технологиялық жұмыссыздық
еңбекпен тиімді қамту жұмыс күші
жұмыссыздық еңбек биржасы
жұмыс күшіне жұмыссыздыққа берілетін
сұраным мен жәрдемақы
ұсыным

3.Қазақстандағы жұмыспен қамту бағдарламалары және нәтижелері

Жұмыспен қамту мәселелерін шешуге, еңбек рыногындағы шиеленістікті төмендету және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз ету үшін одан әрі жағдайлар жасауға бағытталған шаралар қабылдануда. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту бағдарламасы әзірленді, оның мақсаты – тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейін төмендету, жұмыс күшінің сапалы параметрлерін жоғарылату.

Бағдарлама жобасында мынадай негізгі басымдықтар белгіленген:

  • еңбек ресурстарын дамыту;
  • халықты өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
  • жұмыссыздық деңгейінің еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін процестерге қауіп төндірмейтін параметрлерге дейін төмендету.

Бағдарламаның негізгі бағыттрары және оны іске асыру теігі:

  • Экономика салаларында жұмыс орындарын қайта құру;
  • Жұмыскүшіне сұраныс және ұсыныстың теңгерімділігі жөніндегі шаралар;
  • Халықты әлеуметтік қолдауға мұқтаж нысаналы топтарынң жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;
  • Қосымша жұмыс орындарын құратын шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту;
  • Еңбек рыногындағы қажеттілікті ескере отырып, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау мен қайта даярлаудың икемді жүйесін ұйымдастыру;
  • Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру;
  • Жұмыспен қамтудың өңірлік проблемаларын шешуде жергілікті атқарушы органдардың рөлін арттыру жөніндегі шаралар;
  • Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның қызметін жұмыспен қамтуды реттеу және еңбек рыногы мәселелерінде еңбек делдалдылығмен айналысатын жұмыс берушілермен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен ықпалдастыру ;
  • Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу кезінде еңбек рыногындағы ахуалды ескере отырып, қосымша жұмыс орындарын ашу;
  • Білім беру ұйымдарының түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалал бойынша 2005-2007 жылдар кезеңінде құрылатын жұмыс орындарының саны

(жұмыс орындары)

Экономика саларының атауы

жылдар

Жиыны

2005

2006

2007

1 2 3 4 5 6
1 Өнеркәсіп 3786 6585 5219 15590
2 Құрылыс 10404 18948 18948 48300
3 Көлік 11204 11451 11976 34631
4 Ауыл шаруашылығы 16012 1718 488 18218
5 Шағын және орта бизнес 100000 100000 200000
6 Денсаулық сақтау 52 1010 1062
7 Білім беру 897 1296 253 2446
8 Мәдениет 217 133 133 483
9 Туризм 540000 540000
10 Спорт 1529 1829 1242 4600
11 Басқа салалар 20930 15873 8 36811
Республика бойынша 705031 158843 38267 902141

Сонымен қатар Министрлік «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеуде.

Еңбек рыногы жағдайының мониторингі үшін республикада, облыстар, қалалар мен аудандар тұрғысынан жұмыс күшіне тіркелген сұраныс пен ұсынысты көрсететін деректер базасы жұмыс істейді. Талдау, қазіргі уақытта Қазақстанда жұмыс күшіне сұраныстың, ұсыныс сапасының және кәсіптік-біліктілік құрылымының сәйкессіздігі және халықтың еңбекке жұмылуының төмендігі себебінде оның жергілікті еңбек рыногындағы тапшылығымен бірге жеткілікті екенін көрсетеді. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі органдардың ай сайынғы бос жұмыс орындарының банкі 15-17 мың бірлік құрайды.

Министрлік жұмыс күшіне сұраныс мониторингі мен экономиканың мамандарға болжамды қажеттілігін белгілеу тәртібі туралы үлгі ереженің жобасын әзірлеген, ол облыстар, Астана мен Алматы қалаларының Әкімдеріне қолдану үшін ұсынылды.

Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау үшін өнеркәсіп кәсіпорындары үшін қажет мамандықтар тұрғысынан жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс мониторингі жүргізілуде.

Бұдан басқа, аталған Стратегияны іске асыру үшін мемлекеттік және жеке сектордың қатысуымен Жұмысшылар мен техникалық мамандарды кәсіптік даярлау, атестаттау және қайта даярлау мәселелерімен айналысатын орталықтар туралы ереженің жобасы әзірленуде, оларды еліміздің өңірлерінде құру көзделіп отыр.

Облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп дамудың әкімшілік-аумақтық бірліктерде қолданылатын, жоғары және орта әлеуетіне ие ауылды жерлер тұрғысынан, өнеркәсіптегі, көліктегі және экономиканың басқа да салаларындағы ауылшаруашылық-кәсіпорындарының 2006 жылға дейінгі кезеңге жұмыс күшіне қажеттілігін белгілеу жөнінде жұмыс жүргізілді.

Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған кедейлікті төмендету жөніндегі бағдарламаны іске асыру жұмыспен қамту саясатының белсенді шараларын (жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыссыздарды кәсіптік оқыту) жүргізумен қамтамасыз етіледі. Жұмыспен қамту органдарының көмегімен үстіміздегі жылдың алты айында 79,7 мың адам немесе өтінішпен келген адамдар жалпы санының, өткен жылғы тиісті күндегі 45,7% салыстырғанда – 52,3% жұмысқа орналасты.

Қоғамдық жұмыстарға 82,9 мың адам қатысты, 15,6 мың жұмыссыз азамат кәсіптік оқуға, қайта даярлыққа және біліктілігін арттыруға жіберілді.

Облыстар әкімдерінің деректері бойынша осы жылдың алты айында елімізде 116,8 мың жұмыс орыны құрылды, олардың: 74,4 мыңы тұрақты. Өнеркәсіп және құрылыс салаларында жұмыс күші қосылды.

Еңбек рыногында хылықтың жұмыспен қамтылуының кеңеюі халықтың, атап айтқанда, көмекші шаруашылық немесе жеке қоналқа үй жүргізу дамыған ауылды жерлерде өзін өзі жұмыспен қамту есебінен жүзеге асырылады.

(Анықтама үшін: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша 2004 жылғы бірінші тоқсанда экономикалық белсенді халықтың саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,5 млн. адамға өсті және 7,7 млн. адам болды. Республиканың экономикасында 7,0 млн. адам жұмыспен қамтылды (2003 жылғы бірінші тоқсанда – 6,5 млн. адам).

Халықты жұмыспен қамту деңгейі 91,1% жетті. 2004 жылғы бірінші тоқсанда жұмыссыздар саны өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 13,5 мың адамға азайды және 685,8 мың адам болды. Жұмыссыздық деңгейі 2003 жылғы бірінші тоқсандағы – 9,7% қарағанда 8,9% дейін төмендеді).

Заңсыз еңбек көші-қонын болдырмау және ішкі еңбек рыногын қорғау жөнінде арнайы шаралар қабылдануда. Министрлік жыл сайын Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға квота жобасын әзірлейді, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. Үстіміздегі жылы квота экономикалық белсенді халықтың 0,21% мөлшерінде белгіленді. Бұл еңбекші-мигранттарды іргелес облыстардағы ауыл шаруашылық жұмыстарына тартумен байланысты.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 147 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді шектеу және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру тұжырымдамасына сәйкес «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 27 қаңтардағы № 524-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы Заңға сәйкес тиісті әкімшілік бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру функциялары 2004 жылғы 1 наурыздан бастап жергілікті атқарушы органдарға берілді.

Шетелдік жұмыс күшін тарту процедурасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы № 322 қаулысымен «Квота белгілеу, жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары мен тәртібі туралы ереже» бекітілген.

Заңсыз көші-қон проблемасын шешу үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Республикасының Үкіметі арасында Қазақстан Республикасы азаматтарының Қытай Халық Республикасындағы және Қытай Халық Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасындағы уақытша еңбек қызметі туралы келісімнің жобасы жөнінде ұсыныстар жіберілді.

Республикада 2004 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 9,4 мың шетелдік азамат жұмыс істейді (1.07.2003 ж. – 8,7 мың адам).

Шетелдік мамандарды тартатын ұйымдарда, есептік кезеңде 241,9 мың қазақстандық азамат жұмыспен қамтылған, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 28,8 мың адамға аз; 11,6 мың жұмыс орыны құрылған және 3,4 мың қазақстандық азамат жаңа кәсіптерге қайта оқыды.

Әлеуметтік маңызды проблемаларды шешу үшін Министрліктің ҮЕҰ әрекеттестігі күшеюде. Қазақстан Республикасындағы адам құқығы жөніндегі уәкілетті органмен және «Қазақстан жастарының конгресі» Ассоциация нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл құжаттар адам құқықтарын сақтауға және жас мамандарды жұмысқа орналастыруға әрі әлеуметтік қолдауға мұқтаж қатарындағы жас азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге көмектесу жөнінде келісілген әрекеттерді болжайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «2004 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары» 2004 жылғы 4 сәуірдегі Жолдауына сәйкес 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен жалақының мөлшері 5000 теңгеден 6000 теңгеге дейін немесе 2003 жылмен салыстырғанда 32% өсті.

Бұдан басқа, аталған Жолдауды іске асыру үшін «Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысының деңгейін шамамен 20 пайызға арттыруды көздейтін 2004 жылғы 27 қаңтардағы № 89 қаулыны қабылдады.

Көрсетілген қаулымен мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорын қызметкерлерінің қосымша ақы мен үстемеақы жүйесі реттелді. Бұл ретте жалақы құрылымындағы тарифтік бөлік (лауазымдық ақы) деңгейінің жоғарылауы және тариф үстіндегі бөлік (қосымшалар мен үстемеақылар) деңгейінің төмендеуі көзделген.

Қаулыға сәйкес мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорын қызметкерлерінің лауазымдық ақыларының мөлшері базалық лауазымдық ақы мөлшері 5353 теңгеден (2003 жылы) 6600 теңгеге (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап) дейін және Лауазымдар тізілімі G санатының лауазымдары бойынша қызметкерлердің лауазымдық ақыларын (ставкаларын) есептеу үшін коэффициенттер мөлшерін жоғарылату есебінен көбейтіледі.

Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақы жүйесін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 71-ө өкімімен мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, қоғамдық ұйымдар өкілдерінен және Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарынан жұмыс тобы қүрылған.

Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақы жүйесін жетілдіру жөнінде жұмыс тобы әзірлеген ұсыныстар Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына жіберілді.

Еңбекті нормалау саласында еңбек жөнінде нормативтік база құру үшін Министрлік Еңбек, көші-қон және ТМД-ға қатысушы –елдердің халқын әлеуметтік қорғау жөніндегі консультативтік кеңестің шешімдеріне (түсуіне қарай) сәйкес Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің біріңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын әзірлеуге және сынауға қатысуда.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен Қазақстан Республикасының «Кәсіптер жіктеуішісі» 01-99 Жіктеуіш негізінде кәсіптер жіктелімін одан әрі жетілдіруге деректер базасын құру үшін жұмысшылар кәсіптері мен қызметшілер лауазымдарының атаулары бойынша материалдар жинау және зерттеу жүзеге асырылуда.

Бағаларға (тарифтерге) кіретін еңбекақы шығыстарын реттеу мақсатында еңбек жөніндегі типтік нормативтер, өнімдеріне (көрсетілетін қызметтерге, жұмыстарға) бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілетін субъектілер қызметшілерінің нормативтік саны қаралуда және келісілуде.

Қорытынды

Нарықты жағдайда да міндетті түрде жұмыссыздық туады. Жұмысқа жарамды бірақ жұмысы жоқ ізденісте жүрген жұмыссыздар. Жұмысқа жарамдының бәрін осы нарық заманыңда жұмыспен қамтамасыз ету мүмкін емес. Жұмыссыздықтың екі түрін атап өтейін олар: Фрикциондық және Құрылымдық деп аталады.

Фрикциондық — бұл жұмыссыздың жұмыс күшінің озгеруімен объективті түрде жылжуымен байланысты. Жұмысын ауыстыруда, мекен-жайын өзгертуде, көшіп-қонып жүруіне сұранысының, ұсынысының өзгеруінде. Мемлекетте тек қана фрикционды және құрылымды жұмыссыздық болса, онда жағдай жаман емес. Ол жұмыссыздарды қамтамасыз етеді. Ал нағыз жұмыссыздық циклі жұмыссыздық дағдарыс кезінде туады.

Қорыта айтқанда қазіргі инфляция сан қилы, көп факторлы күрделі процесс, ол белгілі бір дәрежеде барлық елдерді қамтиды. Инфляцияның жоғарғы қарқыны елдің, халықтың экономикалық дамуына көптеген зиян келтіреді.

Қазақстан халықаралык, еңбек бөлінісіндегі өз орнына „кетігін тауып қалануы» үшін ел экономикасындағы басымдықтарды белгілеп сыртқы экономикалық байланыстар стратегиясын жасауы қажет.

Қазақстанның халықаралык, еңбек бөлінісіндегі рөлі еліміздің негізгі байлығы — жерді, пайдалы қазбалар шикі-затың дайын өнімді тиімді пайдаланумен байланысты. Елдің салыстырмалы жоғары ғылыми-техникалық потенциалын да естен шығармау керек. Қазақстанның салыстырмалы артықшылықтарын тиімді пайдалану мемлекетті жандандырып, экономиканың жедел дамуын қамтамасыз етеді.

Қазақстанда реформалар жүріп жатыр. Бірақ экономикамыздың құрамы әрі тиімді, әрі оңтайлы деңгейге әлі де жеткен жоқ. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында әрбір өндіруші басқаларға қажетті және тиімді өнім өндіріп ұсынуы керек. Сонымен бірге, тағы бір қалыптасқан жағдай – табыстың деңгейі бойынша халықтың бай және кедей топтарының ара салмағының ұлғаюы. Бұл, әрине өнегелі кезеңдегі көптеген елдерге тән құбылыс. Қазақстанда көзделіп отырған мақсаттар – жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүзеге асыру және негізінен еңбекке жарамсыз кедей азаматтарға, сондай-ақ, еңбек базарындағы жағдайы осал халыққа атаулы көмек көрсету есебінен кедейліктің ауқымын қысқарту және жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады.

Республика бойынша және оның жеке аймақтары бойынша да кедейліктің, жұмыссыздықтың деңгейін анықтай отырып, оның негізгі себептеріне де айрықша көңіл бөлінді. Жалпы қорытындылай келгенде Қазақсатн Республикасы жаңа реформаға көшті. Сол көшу салдарынан елімізде көптеген қиыншылықтар, соның ішінде жұмыссыздық пайда болды. Бұған қоса көшіп келіп жатқан оралмандарға да жұмыс тауып беру мәселесін қарастырып отыр.Сол мәселелерді шешу мақсатында ел басымыз еліміздің тұрғындарын жұмыспен толық қамтуды көздеп отыр. Мен осы шешілмеген мәселелер алдағы уақытта шешіледі деп ойлаймын.

ҚОЛДАНЫЛҒАНӘДЕБИЕТТЕР

1. Конституция РК.- Алматы: Жети жаргы, 1995-. 176стр.

2. Н. Назарбаев. Тәуелсіздігіміздің он жылы. Алматы, «Қазақстан», 2001, 130-бет.

3. Реформирование экономики Казахстана: проблемы и их решение \ Под. ред. М.Б.Кенжегузина — Алматы: Министерство науки — АН РК Институт Экономики,1997- 352 с.

4. “Жалпы экономикалық теория” Шеденов.Ө.Қ. Астана 2004ж. 88-100 бет.

5. Сабденов О. Экономическая политика переходного периода на рубеже XXI века. — Алматы: Казахстан 1997г.

6. Социально-экономическое положение Республики Казахстан за 2001 г. Алматы, 2002 г.

7. Реформирование экономики Казахстана: проблемы и их решение \ Под. ред. М.Б. Кенжегузина — Алматы: Министерство науки — АН РК Институт Экономики,1997- 352 с.

8. Томилов В.В, Семеркова Л.Н. Роль мар­кетинга на рынке труда.-М.,2000 — с.6.

9. Журнал «Вопросы экономики» за 1985-1999гг.

10. Статистический ежегодник Республики Казахстан. Агентство по статистике РК. — А.: 2002. с-103.

11.Байболова Н.Қ. «Қазақстандағы жұмыспен қамту мәселелері», Саясат-2005 №4-

12. ҚР халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жж. Бағдарламасы // СААП- 2005 -№4-38 құжат

  • Еңбек және халықты элеуметтік қорғау министрлігінің статистикалық мәліметтері, «www.enbek.kz».

14. Нургалиева Е.Н. Механизм правового регулирования труда. — Алматы. Жети жаргы,1996г.

15. “Экономикалық теория” C.Әкімбеков. Астана 2002ж. 272-282б.

22